Енді ҰБТ тапсырушыны бір емес, екі камера қадағалайды

Енді ҰБТ тапсырушыны бір емес, екі камера қадағалайды

Енді ҰБТ тапсырушыны бір емес, екі камера қадағалайды
ашық дереккөзі
Ұлттық бірыңғай тестілеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Білім және ғылым министрлігі жаңа тетіктерді енгізбек, деп жазды turkystan.kz. Министр Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, биылдан бастап ҰБТ тапсырушыны тест барысында екі камера қадағалап отырады.
«Ұлттық бірыңғай тестілеуді биыл да электронды форматта өткізуіміз қажет. Ашықтықты әрі әділдікті қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Биыл жаңа тетіктер де енгізіледі. Оның ішінде қосымша камера болады. Бір камера талапкердің тест тапсыру барысын қадағаласа, екінші камера сол адамның өзі отырған-отырмағанын белгіленген уақыттың ішінде суретке түсіріп отырады. Яғни, Fist Id функциясы бар арнаулы камера болады. Сондықтан осы жоспарларды тиісті деңгейде орындау қажет», - деді Асхат Аймағамбетов.
Сондай-ақ ол ақпан айында тапсырылатын тесттің маңыздылығына тоқталып өтті.
«Бұл – дәстүрлі форматта өткізілетін тестілеу. Биыл оны ақпан айының соңына дейін жалғастырамыз. Өтініш білдірген барлық азамат осы тестіні тапсырып үлгеруі керек. Бұл міндетті грантты алуға бағытталған тест емес. Мұны кейбір азаматтарымыз дайындық ретінде қарайды. Басқалары жоғары оқу орындарына ақылы түрде түсу үшін таңдайды, оған сертификаты жарамды. Қалай десек те, бұл тестілеу түлектеріміз үшін маңызды. Сондықтан осы жұмысты тиісті деңгейде жүргізуіміз керек», - деді министр.