Жаңалықтар

Президент Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады

ашық дереккөзі

Президент Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады

Болат Жорабаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды, - деп хабарлады turkystan.kz akorda.kz-ке сілтеме жасап.  «Мемлекет басшысының өкімімен Болат Жарқымбайұлы Жорабаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Жаңа құрылым ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында құрылып жатыр.