Қаржы министрлігі байлыққа салық енгізуді жоспарлап отыр

Қаржы министрлігі байлыққа салық енгізуді жоспарлап отыр

Қаржы министрлігі байлыққа салық енгізуді жоспарлап отыр
ашық дереккөзі
Елімізде байлыққа салық салу мәселесінің көтеріліп жүргеніне көп болды. Былтырдың өзінде үш-төрт рет жоғары деңгейде сөз болған. Сең биыл қозғалатындай, деп жазды turkystan.kz. Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі ұсыныстың егжей-тегжейін ашып, байлық салығын енгізу жоспары туралы айтты.
«Аталмыш салықты салу мәселесі Ұлттық экономика министрлігі сайтында пысықталады. Негізінен, Aston Martin, Bentley, Ferrari, Lamborghini, Maserati сияқты құны жоғары люкс модельді автокөлік құралдарына, оның құнына және шығарылған жылына қарай жоғары салық салу мәселесін қарау ұсынылады. Бұл ретте мұндай автокөліктер бойынша барлық жеңілдік алып тасталуы тиіс», - деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі өкілдері.
Сондай-ақ қымбат заттарға республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында және курорттық аймақтарда орналасқан ұшақтардың жекелеген сыныптарын, яхталарды және жылжымайтын мүлікті қосу жоспарланған. Сонымен қатар, аумағы 300 шаршы метрден асатын пәтерлер, тұрғын үйлер және 400 шаршы метрден асатын саяжайларға байланысты мүлік салығын арттыру коэффициенттері енгізілмек.