Алматы облысында 21 жастағы үш мародер ұсталды

Алматы облысында 21 жастағы үш мародер ұсталды

Алматы облысында 21 жастағы үш мародер ұсталды
ашық дереккөзі
Қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматыдағы «Апорт» сауда-ойын-сауық кешенінен ұялы телефондар ұрлаған күдіктілер қамауға алынды, деп жазды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында 21 жастағы 3 күдіктіні ұстады. Ұсталғандардың барлығы - Алматы облысының тумалары.
«Қазір 32 жастағы зардап шегуші 16 ұялы телефон ұрланғанын хабарлады. Ұсталған тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі аясында қылмыстық іс жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялануға жатпайды», - деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.