Алматы облысында 21 жастағы үш мародер ұсталды
Алматы облысында 21 жастағы үш мародер ұсталды
Қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматыдағы «Апорт» сауда-ойын-сауық кешенінен ұялы телефондар ұрлаған күдіктілер қамауға алынды, деп жазды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында 21 жастағы 3 күдіктіні ұстады. Ұсталғандардың барлығы - Алматы облысының тумалары.
«Қазір 32 жастағы зардап шегуші 16 ұялы телефон ұрланғанын хабарлады. Ұсталған тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі аясында қылмыстық іс жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялануға жатпайды», - деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.