ҰҚК 5-департаментінің бұрынғы бастығы ұсталды

ҰҚК 5-департаментінің бұрынғы бастығы ұсталды

ҰҚК 5-департаментінің бұрынғы бастығы ұсталды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті 5-департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов қамауға алынды, деп жазды turkystan.kz.
«Елордада ҰҚК 5-департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов ұсталды. Тергеу оның Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстарын жасыруға қатысқаны бойынша тексеріп жатыр», - делінген журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасындағы хабарламасында.
ҰҚК Қазақстанның оңтүстік облыстары мен кейбір басқа өңірлердегі облыстық департаменттерінің басшыларына топтық қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүргізілуде. Бұдан бөлек, ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәжілов те ұсталды деген мәлімет тарады. Айта кетсек, ҰҚК бойынша билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған болатын.