Жаңалықтар

«АрселорМиттал Теміртаудағы өлім»: комиссия тергеу қорытындысын жариялады

ашық дереккөзі

«АрселорМиттал Теміртаудағы өлім»: комиссия тергеу қорытындысын жариялады

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін өрескел бұзу салдарынан «Шахтинская» шахтасында кенші жараланып, кейін қаза тапты. Комиссия осындай қорытындыға келді, деп жазды turkystan.kz. «Тергеу қорытындысы бойынша, комиссия жазатайым оқиғаның себептерін анықтап, тараптардың аралас жауапкершілігін белгіледі. Зардап шеккендерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын, металл арқанды байлау және тасымалдау, сондай-ақ, тау-кен қазбалары бойынша жүктерді байлау және тасымалдау схемаларын өрескел бұзуға жол берілген. Жұмыс беруші тарапынан жұмыс өндірісіне бақылау әлсіз жүргізілген», - делінген Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының баспасөз қызметі жариялаған комиссия қорытындысында. Арнайы тергеу аяқталғаннан кейін материалдардың көшірмесі аумақтық полиция органына жіберілді. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі тау-кен жұмысшысының өлімі ҚР ҚК 227-бабының 2-бөлігі («Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша тергеліп жатқанын айтты. Сонымен қатар, полиция Қарағанды Болат департаментінің аглофабрикасындағы конвейерге түсіп кеткен 46 жастағы бригадирдің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Оқиға ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») бойынша тіркелген. Тағы оқи отырыңыз: «АрселорМиттал Теміртау» зауытында 46 жастағы жұмысшы қаза тапты.