Алматы қаласының әкімі автопаркке өзі барды

Алматы қаласының әкімі автопаркке өзі барды

Алматы қаласының әкімі автопаркке өзі барды
ашық дереккөзі
Алматы әкімі Бауыржан Байбек "АвтоАлмат-Транс" компаниясының жетекшісіне сын айтты. Мұның алдында "Тұлпар-ЦДС" ЖШС-на тиесілі болған автопаркке қатысты арыздар толмастамағаннан кейін қала басшысының шыдамы таусылған. Бұл автопарк 25, 65, 95 және 119-шы бағыттағы автобустарға қызмет көрсетеді. 18 қараша күні кешкісін қала басшысы автопаркке жеке өзі барды. Кәсіпорын жетекшісімен амандасып, Байбек бірден автопарк автобустарына қатысты арыздар көрсетілген қағаздарды алып шықты. "789 NA мемлекеттік нөмірі бар автобуста терминалдардың бірі жоқ, ал төбесі тесік. Бұл Алматы - төбесі тесік! Сендердің орындарыңда болсам, ұятқа қалмай мұндай бизнесті жауып тастайтын едім. 65-ші автобуста тұтқалар сынған, төбенің жабуы тым нашар. Еденнің жабуы жыртық, жарық плафоны жоқ. Бұл не?! Сіздерді қала тұрмақ, облысқа жіберуге болмайды. Осыдан кейін қаладан бірдеме талап етесіздер. Бірінші өздеріңіз (қаржы - автор ескертпесі) салу керексіздер. Сіз құрылтайшы ретінде. Сіз тіпті қанша автобусыңыз барын да білмейсіз, бас шұлғып тұрсыз. Автобустардың барлығы түтіндеп жүр", - деп наразылығын білдірді әкім. Сондай-ақ, қала басшысы күннің алғашқы жартысында автопарк өкілдерімен өткен жиналыс қорытындысы бойынша, бұл салаға қосымша қаржы бөлу шешімі қабылданғанын хабарлады. Байбек автопарктер осы қаржы арқылы жолаушылар көлігі саласында айқын бизнес жасай алса, әкімдік осының үстіне қосымша қаржы бөлетіндігін жеткізді. "Біз салық төлеушілердің ақшасын түсініксіз әрі бұлдыр салаға жұмсай алмаймыз. Бүгінде жүргізушілеріңіздің жалақысы қандай? 70 мың теңге ма? Жүргізушілеріңіз қайдан? Марстан ба, 70 мыңға жұмыс істеуге дайын? Оларға көмектесейік. Олардың да отбасы, балалары бар. Еңбекақыны көтеріңіз, сапаны жоғарлатыңыздар. Орындық, тұтқаны айырбастаңыздар. Анда нені скотчпен орап тастағансыздар?" - деп сұрағын қойды қала басшысы.