Жаңалықтар

Бірнеше өңірде тұман түсіп, дауыл болады

ашық дереккөзі

Бірнеше өңірде тұман түсіп, дауыл болады

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Атырау қаласында тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысынан, оңтүстігінен, солтүстігінен, батысынан 15-20 м/с жел соғады, Орал қаласында түнде көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 18 м/с дейін жетеді. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Қызылорда қаласында тұман түседі. Күндіз батыста, Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз батыста, облыс орталығында 15-20 м/с, Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. Түнде Павлодар облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Павлодар қаласында түнде тұман түседі.