Сейсенбі, 29 Қараша, 2022

Үкіметтің ауысқанын пайдаланған «Даму» қоры мен «Бәйтерек» холдингі әлдебір келісімді жоюға тырысып жатыр

Бұл жайында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Egemen Qazaqstan басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қаңтар қасіреті» көп жай­дың бетін ашты. Көшеге шық­қан да, күнін көре алмай отыр­ған да, нарыққа ілесе алмай жүр­ген де, билікке үн қатқан да, ашын­ған да, жылаған да – қазақ, өзі­міз­­дің ағайын, өзіміздің бауыр. Сон­дық­тан дәл қазір менің азамат ретін­дегі, «Атамекеннің» басшысы ретін­дегі міндетім – цифр­лы сервисті ауыл­ға жет­кізу. Өкініш­ке қарай, шенеунік­тер­дің бұған жол беретін түрі жоқ. Кедергі келті­ріп отыр», – деді Абылай Мырзахметов.

Цифр­­лы жоба осы жылдың бірінші тоқ­санын­да іске асуы керек болған. Бірақ оған шенеуніктердің немқұрайдылығы кедергі екен.

«Цифрлы жобаны енгізуге «Даму», «Бәйтерек» секілді құры­лым­дар қарсы. Өзге құры­лым­дардың, мекемелердің базалары «Атамекен» ұсынып отыр­­ған қосымшаға қосылуы керек. Ал цифрлы жоба біраз дү­ние­нің бетін ашып бер­мек. Ол жер­дегі басты қағида – ашық­тық. Еш­те­ңені жасыра алмайсыз. Жал­пы, елдегі жемқорлықтың тамы­ры­на балта шабатын да дәл осы цифрлы жүйелер. Енде­ше, одан қашпауымыз керек. Биыл Үкімет басшысы ауысты. Осы­ны пайдаланып, «Даму» қоры мен «Бәйтерек» холдингі 2021 жыл­дың 29 желтоқсанында база­лар­ды өзара интеграциялау тура­лы қол қойылған келісімнің күшін жоюға тырысып бағуда. Премьер-министрдің атына арнайы хат та жолдаған екен. Шыр-пыр болып отырғаны – жаңа жоба оларға тиімсіз», – деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы.

Ол осы жағдайларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың назар аударғанын қалайды.

«Қазір еліміз өзге­ше дамуға, өзгеруге тарихи мүм­кіндік алып отыр. Бірақ Прези­дент пен елдің арасында әкімдер мен министрлерден тұратын үл­кен аппарат барын ұмытпау керек. Кейде билік пен бұқара ара­сына алтын көпір болуға тиіс кейбір әкімдер мен министрлер көп­­тің мүддесі­не қарсы әрекет етеді. Президентке көп дүние жет­пей жатады. Өкініштісі де сол», – деді ол.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button