Семейде заңсыз ағаш кескендер ұсталды

Семейде заңсыз ағаш кескендер ұсталды

Семейде заңсыз ағаш кескендер ұсталды
ашық дереккөзі
«Семей орманы» резерватының аумағында белгісіз адамдар заңсыз ағаш кескен, деп хабарлады turkystan.kz. Қаңтар айында Бесқарағай РЖП кезекші бөліміне «Семей орманы» директорының өтініші келіп түскен. Ол орман күзетшілерінің патрульдік жұмыстары кезінде ағаштарды заңсыз кесу деректерін анықтағанын хабарлаған. Оның айтуынша, 112 қарағай, көлемі 56 текше метрден асатын 25 көктерек заңсыз кесілді. Салдарынан бұрын орман болған ұлан-ғайыр аумақта тек діңгектер мен кесілген ағаш бұтақтары қалған.
«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде 40-43, 46, 30, 51 жастағы Бесқарағай ауданы мен Семей қаласының тұрғындарын ұстады. Ұсталғандардан трактор, тіркеме, сондай-ақ кесілген ағаштардың бөренелері тәркіленді. Полицияның мәліметінше, келтірілген шығын шамамен 350 000 теңге» деп жазылған хабарламада.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабының 3-бөлігіне сай ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.