Атырауда монополист сумен жабдықтау қызметтерінің бағасын негізсіз өсірген

Атырауда монополист сумен жабдықтау қызметтерінің бағасын негізсіз өсірген

Атырауда монополист сумен жабдықтау қызметтерінің бағасын негізсіз өсірген
ашық дереккөзі
Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті монополистің тұрғындар мен заңды тұлғалар үшін магистральдық құбырлар арқылы сумен қамтамасыз ету тарифін асыра бағалау фактісін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 221-бабының 1-бөлігі («Монополиялық қызмет») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен бірге, тұтынушыларға келтірілген залалды өтеу мақсатында 2022 жылдың соңына дейін Атырау облысының тұрғындары үшін аталған коммуналдық қызметтерге жеңілдетілген өтемдік тариф енгізілді» деп жазылған хабарламада.
Тергеу мүддесін сақтау үшін өзге ақпарат жария етілмейді. Еске сала кетсек, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Таразда жылу тарифін 15%-ға төмендетсе, сонымен қатар 2021 жылдың тамызында коммуналдық қызмет бағасының негізсіз өсуін тоқтатқан болатын.