Елімізде өңірлік БАҚ альянсы құрылмақ

Елордада өтіп жатқан Өңірлік БАҚ форумына қатысушылар өңірлік журналистер альянсын құру бастамасын қолдап отыр.

Форум барысында «Алматы» телеарнасының бас директоры Әлібек Әлденей өңірлік журналистер альянсын құруды ұсынса, бұл бастаманы «Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы Айгүл Қапарова да қолдады. «Мен Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласынан келдім. Журналистердің альянсын немесе басқа қауымдастық құру бастамасын қолдаймын. Өте құнды ұсыныс. Өйткені, аудандар мен ауылдарда шығатын бұқаралық ақпарат құралдары өздерін далада қалғандай сезінетіндігі рас. Сондықтан қазіргі таңда олардың басын біріктіретін ұйым қажет деп олаймын»,-  деді Қапарова.

Айта кетерлігі,  Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев та мұндай бастамаға толық қолдау көрсетті. «Иә, мұндай альянс керек деп ойлаймын. Өңірлік журналистер альянсын құру ұсынысын толықтай қолдауға болады»,-  деді министр.

 

Back to top button