«ЖОО-ларды жауып жатырмыз» – Асхат Аймағамбетов

«ЖОО-ларды жауып жатырмыз» – Асхат Аймағамбетов

«ЖОО-ларды жауып жатырмыз» –  Асхат Аймағамбетов
ашық дереккөзі
Ғылыми-зерттеу институты форумында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Президент тапсырмаларын қалай орындап жатқанын айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Институт, университеттер мектептермен, оқушылар сарайларымен тығыз жұмыс істеуі керек. Бізде осы сала ақсап тұр. Олар - тек кәсіби бағыттағы жұмыс емес, әртүрлі ғылыми жарыстар, олимпиадалар ұйымдастыру. Алматы қаласындағы қай мектепті алсақ та, ғылыми институттар, университет мамандарымен бірлесе жұмыс істеуге қуана келіседі. Институттарға мектептермен бірлесе жұмыс істеуді тапсырамын. Біздің Президент тапсырмаларын сапалы әрі тыңғылықты ұйымдастыруымыз керек. Біздің ғылыми әлеуетіміз жоғары. Стандарттарға сай келмейтін ЖОО-ларды жауып жатырмыз», - деді министр.
Сондай-ақ маман дайындау үшін ғылыми-зерттеу институттарының зертханалары магистранттар мен докторанттарға, ал оқу орындарының зертханалары институт қызметкерлеріне қолжетімді болмақ.