Nur Otan партиясының Атқарушы хатшысы тағайындалды

Nur Otan партиясының Атқарушы хатшысы тағайындалды

Nur Otan партиясының Атқарушы хатшысы тағайындалды
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен партияның Атқарушы хатшысы болып Асхат Оралов тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында туған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Әлеуметтік тәрбие жұмысы департаменті Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы ретінде бастады. 2013-2016 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Протокол бөлімінің аға маманы; 2014 жылдан 2016 жыл аралығында «Нұр Отан» партиясы «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары; 2016-2017 жылдары «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының м.а; 2017-2018 жылдары «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы; 2018 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін Дін және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры; 2018 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың сәуір айы аралығында Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары болып еңбек етті. 2019 жылдан 2020 жылдың шілдесіне дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылғы шілдеден 2021 жылдың шілдесіне дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымында болған. 2021 жылдың 12 шілдесінен бүгінгі күнге дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.