Елордалық жосықсыз құрылыс компаниялары лицензиядан айырылады

Елордалық жосықсыз құрылыс компаниялары лицензиядан айырылады

Елордалық жосықсыз құрылыс компаниялары лицензиядан айырылады
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде құрылыс компанияларының өкілдерімен нысандарды аяқтау мәселелері бойынша кеңес өтті, деп жазды turkystan.kz. Кездесуге құрылыс-монтаждау жұмыстарын баяу жүргізу, құрылысты аяқтау жұмыс кестесінен қалу, тапсырыс беруші мен мердігер арасында сот талқылауларының жүргізілуі, тиісті қаржыландырудың жоқтығы және т.б. тәуекелдері бар құрылыс компаниялары қатысты.
«Жосықсыз құрылыс компанияларының тізімінде «ЭРА» және «Роз Тал» ЖШС-лар бар. Мысалы, «Лея» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2016 жылы басталған. Ал бұл сақалды құрылысқа жауапты «За рекой» компаниясының басшылығына жұмысты жандандырып, нысанды биыл аяқтау тапсырылған болатын. Елорда әкімі Алтай Көлгінов әкімдіктің тиісті рұқсатын немесе «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігін алғанға дейін үлескерлердің ақшасын қабылдаған жосықсыз құрылыс салушылар «қара тізімге» енгізілетінін, ал материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылатынын ескертті», - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Елорда әкімдігінің хабарлауынша, құрылыс компаниялары рұқсат құжаттарын алғанға дейін құрылыс-монтаж жұмыстарына кіріскен жағдайда лицензиясынан айырылуы мүмкін. Жосықсыз құрылыс салушылардың тізімі әкімдіктің ресми сайтында және БАҚ беттерінде тұрақты жарияланады.