Шекарашылар 311,5 млн теңгені заңсыз әкетпек болғандарды әшкереледі

Шекарашылар 311,5 млн теңгені заңсыз әкетпек болғандарды әшкереледі

Шекарашылар 311,5 млн теңгені заңсыз әкетпек болғандарды әшкереледі
ашық дереккөзі
24-31 қаңтар аралығында ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шет елге қаражатты заңсыз шығару әрекеттерінің алдын алды, деп жазды turkystan.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, шекарашылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Ақтау, Өскемен қалаларында  311 526 967 теңге болатын декларацияланбаған шет ел валютасын алып шығудың 24 дерегін анықтаған.  width=
«ҰҚК Шекара қызметі Қазақстаннан тыс жерлерге шығатын азаматтарға ірі көлемде ақша (10 мың АҚШ долларынан астам) алып шығудағы заң талаптарын сақтауды және декларациялау қажет екенін еске салады», - делінген хабарламада.
Материалдар құзыреттері бойынша мемлекеттік кірістер және экономикалық қылмыстарды тергеу органдарына берілген. Айта кетсек, бұған дейін Қазақстанда елден заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейтілгені хабарланған болатын. Бұйрықты Ұлттық банк Қаржы мониторингі агенттігі және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп қабылдаған.