Жаңалықтар

Шекарашылар 311,5 млн теңгені заңсыз әкетпек болғандарды әшкереледі

ашық дереккөзі

Шекарашылар 311,5 млн теңгені заңсыз әкетпек болғандарды әшкереледі

24-31 қаңтар аралығында ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шет елге қаражатты заңсыз шығару әрекеттерінің алдын алды, деп жазды turkystan.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, шекарашылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Ақтау, Өскемен қалаларында  311 526 967 теңге болатын декларацияланбаған шет ел валютасын алып шығудың 24 дерегін анықтаған.