Қаныш Ізбастин тағы бір лауазымынан айырылды

Қаныш Ізбастин тағы бір лауазымынан айырылды

Қаныш Ізбастин тағы бір лауазымынан айырылды
ашық дереккөзі
«ҚазАгроҚаржы» АҚ жалғыз акционері – Қаныш Ізбастинді директорлар кеңесі құрамынан шығарды, деп жазды turkystan.kz Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.
«Қаныш Ізбастин «ҚазАгроҚаржы» директорлар кеңесінің төрағасы болған. Шешім 2022 жылы 26 қаңтарда қабылданды. Енгізілген өзгерістен кейін акционерлік қоғамның директорлар кеңесі бес адамнан тұрады. Олар – А.К.Жуанышбаева, А.Е.Мырзағалиева, С.Н.Мәдиев, Р.С.Оразбаев және А.Г.Прашев», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қаныш Ізбастин қоғамдық қызметке ауысуына байланысты өз еркімен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметінен кеткен болатын. Қаныш Ізбастиннің еңбек жолы: 2007-2008 жылдары «ҚДБ-Лизинг» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, кейін осы акционерлік қоғамның басқарма төрағасы. 2012 жылы – «КазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы. 2013-2015 жылдары – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры. 2015 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың наурызына дейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы. Айта кетсек, Қаныш Ізбастин – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиені. Оның анасы Қарлыға Ізбастина – Мемлекет басшысының туған қарындасы.