«Қазақстан - күнкөріс деңгейі әлемдегі ең төмен елдердің бірі» - Ерлан Сайыров

«Қазақстан - күнкөріс деңгейі әлемдегі ең төмен елдердің бірі» - Ерлан Сайыров

«Қазақстан - күнкөріс деңгейі әлемдегі ең төмен елдердің бірі» - Ерлан Сайыров
ашық дереккөзі
Қазақстан - күнкөріс деңгейі әлемдегі ең төмен елдердің бірі және Нигерия, Ангола, Венесуэла, Габон сияқты елдердің қатарында тұр, деп хабарлады turkystan.kz. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Ерлан Сайыров Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа Қазақстанның басты әлеуметтік проблемасының бірегейі – халықтың басым бөлігінің кедейлігі туралы мәселені көтерді.
«Дүниежүзілік банк әлемдегі кедейліктің екі шегін қарастырған: табысы орташадан төмен елдер үшін күніне бір адамға 3,2 АҚШ доллары, табысы орташадан жоғары елдер үшін 5,5 АҚШ доллары. Ал Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 2,8 долларды құрайды, Ресейде күніне 6 доллар. Ең төменгі күнкөріс деңгейі өте төмен болғанның өзінде, 2021 жылы табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар саны ресми түрде 998 мың адам болды. Ал бейресми сарапшылар бұл көрсеткіштің 1,5 млн, тіпті одан да жоғары екендігін айтады», - дейді Ерлан Сайыров.
Оның сөзінше, ішкі жалпы өнімнің еселеп өсуіне қарамастан, Қазақстан ондаған жылдар бойы кедейлік шегін көтермей келеді. Бүгінде Қазақстан күнкөріс деңгейі әлемдегі ең төмен елдердің бірі және Нигерия, Ангола, Венесуэла, Габон сияқты елдердің қатарында тұр. Ал Еуропалық елдерде кедейлік орташа табыстың 60% деңгейінде белгіленеді.
«Сонымен бірге, пандемия басталғаннан бері тұрмысы төмен үй шаруашылықтарының қаржысына нұқсан келтіретін инфляцияның өсуіне байланысты, әлеуметтік төлемдердің тиімділігі төмендеді. Мысалы, Қазақстанда халықтың ең аз қамтылған 40 пайызы өз бюджетінің 59 пайызын азық-түлік өнімдеріне жұмсайды. Кей кездері бұл көрсеткіш одан да жоғары. Елімізде азаматтардың  төмен әлеуметтік жағдайының екі индикаторы бар – ең төменгі күнкөріс шегі және кедейлік шегі. Кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс шегінің, яғни 36 мың теңгенің 70 пайызын құрайды», - деді депутат.