Мәжіліс төрағасы жемқорлық туралы депутаттық сауалдың болмағанына қынжылды

Мәжіліс төрағасы жемқорлық туралы депутаттық сауалдың болмағанына қынжылды

Мәжіліс төрағасы жемқорлық туралы депутаттық сауалдың болмағанына қынжылды
ашық дереккөзі
Парламент Мәжілісінің жаңа төрағасы Ерлан Қошанов Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі жемқорлық мәселесін сынға алды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Кеше Президентпен өткен жиында Ауыл шаруашылығы министрлігіне сын айтылды. Бұл - қанша жылдан бері жалғасып келе жатқан жемқорлық. Бірінші кезекте субсидияға байланысты. Бұлай болу себебі, жергілікті жерлердегі лауазымды тұлғалардың «қолдары таза емес». Екіншіден, біздің заңдардың жемқорлыққа тосқауыл қоя алмағандығынан. Бүгін осы мәселе бойынша депутаттық сауал жолдана ма деп түсіп едім. Өкінішке қарай, олай болмады», - деді Ерлан Қошанов.
Тағы оқи отырыңыз: Президент АШМ мен әкімдердің жемқорлыққа қатысты жауап беруін талап етті Сондай-ақ ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасының екінші оқылымда министрлікпен бірлесіп, сол жағдайларды қайтадан қайталамау үшін заң тұрғысынан қандай тосқауыл қою керек екенін қарастыруды ұсынды.