Анкарада ашылған қазақ əдебиеті орталығы

Анкарада ашылған қазақ əдебиеті орталығы

Анкарада ашылған қазақ əдебиеті орталығы
ашық дереккөзі
Анкарадағы Түркия Ұлттық кітапханасында қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды. Бұл орталық – Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени-рухани байланыстардың жарқын үлгісі болды. Орталықтың ашылу салтанатына Түр­кия Ұлттық кітапханасының бас­шысы Зүлфи Томан, Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық кітапханасының дирек­торы Жанат Сейдуманов, Қазақ­с­тан­ Республикасы Ұлттық ака­де­мия­лық кі­тап­­ханасы сирек кі­тап­тар және қол­жаз­­ба­лар қызметінің же­тек­шісі Әлия Қожабекова және осы кітапхананың өнер әдебиеттері сек­торының жетекшісі Әлфия Ілиясова, сон­дай-ақ Қазақстан мен Түркияның зия­лы қауым өкілдері, сол елде білім алып жатқан қазақстандық сту­денттер қа­тысты. Орталықта Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары, көр­некті жазушылар Ілияс Есенберлин­нің, Әбіш Кекілбаевтың, белгілі түркітанушы-ғалым Александр Гар­ка­вец­­­тің және басқалардың еңбектері қойылған. Орталықтың ашылу салтанатына­ қатысушылардың айтуынша, осы кі­тап­­тар­дың арқасында түрік бауырлар Қазақстанның экономикасы, саясаты, сондай-ақ қазақ халқының бай мә­де­ни­е­ті мен ұлттық құндылықтары тура­лы терең танып білетін болады. Жиын барысында Түркия Ұлттық кі­тап­ханасының басшысы Зүлфи Томан түр­­­киялық оқырмандарға, сонымен қа­тар зерттеушілерге Қазақстаннан арнайы жеткізілген кітаптар негізінде ашы­­­лып отырған жаңа орталықтың пай­да­­сы зор екенін айтты. Қазақстан Республикасы Ұлттық ака­де­миялық кітапханасы сирек кітаптар жә­не қолжазбалар қызметінің жетекшісі Әлия Қожабекова Зүлфи Томан мырзаға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Түркия Ұлттық кі­тап­ханасын 70 жылдық мерейтойымен құт­тықтау хатын жеткізді. «Бұл Түркия Ұлттық кітапханасының та­рихында ғана емес, күллі әлем кітап­ха­наларының қауымдастығы үшін де ерек­ше орын алатын оқиға болып табы­лады. Ұлттық кітапхана – Түрік Рес­публикасының мәдени және ғылыми өмірі­нің орталығы ретінде танымал. Сіз Ұлт­тық және әлемдік мәдени мұраның лай­ық­ты деңгейде сақталуына, білім мен ғы­лымның дамуы­на, жалпы адамзаттық құн­д­ылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қо­сып келесіз. Қазақстан мен Түркияны ор­тақ тарих, мәдениет және тілдік негіздер біріктіреді. Бұл жаңа идеялар мен жобаларды дүниеге әкеліп, оларды бірлесіп іске асыруға шабыттандырады!» делінген ведомство басшысының құттықтау хатында. Айта кетейік, аталған қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, сондай-ақ Түркияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен Қазақстан Ұлттық академиялық кітап­ха­на­сы ашып отыр.