Алматыда 22 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

Алматыда 22 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

Алматыда 22 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды
ашық дереккөзі
1999 жылы Алматыда екі кісіні өлтіріп, содан бері жасырынып келген қылмыскер ұсталды. Осыдан 22 жыл бұрын жасалған қылмыс тікелей куәгерлердің жоқтығынан, тек жанама айғақтардың болуынан көпке дейін ашылмай келген еді, деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.
«Тергеушілердің сауатты жұмыс алгоритмі арқылы қылмыс ашылды. Нәтижесінде, 2021 жылғы 26 желтоқсанда күдікті ұсталды. Ол 1965 жылы 26 қарашада туған К. есімді азамат болып шықты. Оған қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Биылғы жылдың 1 ақпан күні қылмыстық іс бойынша Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының тергеушілері мен басшыларының есептерін тыңдадым» деп жазды Рустам Абдрахманов.
Сөйтіп, қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу және ақпан айында ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 300-бабына сәйкес айыптау актісі мен қылмыстық іс прокурорға жолданған.