«Дикий Арман» бәрімізге ақшаны шытырлатып таратты» - Қайрат Әділгерей (ВИДЕО)

«Дикий Арман» бәрімізге ақшаны шытырлатып таратты» - Қайрат Әділгерей (ВИДЕО)

«Дикий Арман» бәрімізге ақшаны шытырлатып таратты» - Қайрат Әділгерей (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Дубляж актері әрі әзілкеш Қайрат Әділгерейдің «Дикий Арман» деген лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевпен қалай танысқаны белгілі болды, деп жазды turkystan.kz.

Youtube-тегі BOKEY арнасында жарияланған «Kairat Adilgerey: Дубляж, Митинг, Сериал жайлы | 40 сұрақ» атты видеода дубляж актері криминалмен айналысатын Арман Жұмагелдиевтің жақын досы еместігін айтты. Сондай-ақ ол қазір Арманға неге қолдау көрсетпейсің деген сұраққа жауап берді.
«Жұрт мені Арманмен күнде сөйлесіп тұратын дос деп ойлап қалған сияқты. Негізі қатты араластығымыз жоқ. Мен тек былтыр оның туған күнін жүргізіп бердім. Сол кезде Дубайға бардық, туған күнін өткіздік. Кейін Арман кеме жалдап, Қазақстаннан барған бүкіл әртістерді қыдыртып, тамағын беріп, өлең-домбыра тыңдады. Содан кейін ұшып кеткенбіз», - дейді әзілкеш.
Қайрат Әділгерейдің айтуынша, оны осы шараны жүргізуге белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаева шақырған.
«Басында бұл іске араласуға қорықтым. Себебі Арманды көбі біледі. Қандай саланың адамы екені де белгілі. Қауіп деген аяқасты ғой, қайдан келетінін білмейсің. Бірақ кейін оның жанашыр әрі мәрт екенін көрдім. Ақшаны бәрімізге шытырлатып таратты», - деді әзілкеш.