Президент АШМ мен әкімдердің жемқорлыққа қатысты жауап беруін талап етті

Президент АШМ мен әкімдердің жемқорлыққа қатысты жауап беруін талап етті

Президент АШМ мен әкімдердің жемқорлыққа қатысты жауап беруін талап етті
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте былыққа белшесінен батқан ауыл шаруашылығының жайын сөз етті, деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, соның салдарынан мемлекет үлкен зиян шегіп, шенеуніктердің жеке басын ойлауы қарапайым халықты әбден қажытқан. Елдің ішіп-жеп отырған азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келіп отыр. Бұл ретте саланы артқа сүйрейтін негізгі фактор – субсидиялауға байланысты жемқорлық. Президенттің келтірген мәліметінше, ауыл шаруашылығындағы шаруаларды қолдау үшін кейінгі 5 жылда мемлекет тарапынан 2 триллион теңге бөлінген. Соған қарамастан, 960 қылмыстық іс тіркеліп, 450 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты.
«Жайылымдық жерлерді суландыруға бөлінген 80 миллиард теңгенің тең жартысы мақсатқа сай жұмсалмаған. Былтыр қуаңшылық болған кезде шаруалар жем-шөп таппай, мал қырылып қалды. Тіпті, кейбір өңірде шаруаларға субсидия ретінде күн батареясы берілген. Ашығын айтқанда, ауыл тұрғындарына не қажет екеніне ешкім бас қатырмаған. Субсидияны игердік деп есеп беру үшін сол күн батареяларының бағасы еселеп көрсетілген. Мұның бәрі уәкілетті органдардың жауапсыздығынан болған. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдер мұндай былыққа жол бергені үшін жауап беруі керек», - деді Мемлекет басшысы.