Вакцинадан бас тартқан азаматтарға айыппұл салынады

Вакцинадан бас тартқан азаматтарға айыппұл салынады

Вакцинадан бас тартқан азаматтарға айыппұл салынады
ашық дереккөзі
Италияда 50 жастағылар мен бұл жастан асқандар вакцинадан бас тартқаны үшін айыппұл арқалайтын болды, деп жазды turkystan.kz Il Post басылымына сілтеме жасап. Шетелдік басылымның мәліметінше, ақпан айының ортасынан бастап COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның алғашқы дозасын немесе екінші компонентін алмаған азаматтар 100 еуро (48 680 теңге) төлеуге міндеттеледі. Сонымен қатар, 15 ақпаннан бастап 50-ден асқандар жұмыста вакцина құжатын көрсетуі қажет. Құжатты көрсетпеген жағдайда, ол жалақысын ала алмайды. Азаматтар айыппұл туралы хабарлама алғаннан кейін вакцина алуды шешсе де, салық қызметіне айыппұл төлеуге мәжбүр болады.
«Әлі де сақ болуымыз керек. Бірақ коронавирусқа қарсы жаңа кезеңді жоспарлауды бастадық», - деді Италияның Денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца.
Үкімет қабылдаған қаулы бойынша айыппұл вакцина алмағандарға ғана емес, белгіленген мерзімде вакцинаны толық алмағандарға да салынады. 50 жастан асқан вакцина алмағандардың басым бөлігі Сицилия аралында тұрады. Ресми дерекке сәйкес, ондағы халықтың 11,3 пайызы вакцинаның бірінші дозасын да алмаған. Бұл көрсеткіш Калабрия, Абруццо, Валле-д'Аоста және Лигурияда да жоғары.