«Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне» жыл сайын қанша қаржы бөлінеді?
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Орталық хатшылығында жұмыс істеген алғашқы және әзірге жалғыз қазақ Абыл Кекілбаев «Қазақстанның авиациялық әкімшілігін» қаржыландыру мәселесі жайында пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Компания кезінде Үкімет тарапынан қаржыландырылмас үшін оны ұстап тұру «ҚазАэроНавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жүктелді. Бұл мақсатқа жылына шамамен 4 млрд теңге қажет. Бірақ мұншама көп қаржының не үшін жұмсалып отырғаны бізге жұмбақ. Ашықтық жоқ, ақпарат қолжетімсіз. Сол себепті, түрлі мәселе туындап отыр және біздің тарапымыздан қойылған сауалдарға тұщымды жауап беретін ешкім жоқ», - деді Абыл Кекілбаев.
Сондай-ақ ол өз сұхбатында елдегі әуежайлардың жағдайы нашар екенін айтты.