Елордада «Сергек» камералары көбейеді

Елордада «Сергек» камералары көбейеді

Елордада «Сергек» камералары көбейеді
ашық дереккөзі
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. Қазірдің өзінде астана аумағына 26 462 бейнебақылау камерасы орнатылған.
«Өткен жылдың желтоқсан айында қоғамдық орындарға 500 және денсаулық сақтау мекемелеріне 2 мыңға жуық камера қойылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жобасы биыл да жалғасады. Сонымен қатар, біз мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы заңға өзгеріс енгіздік. Жаңа өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктермен бірлесіп, үй аулаларына «Сергек» бейнебақылау камерасын орнатуды қолға алып жатырмыз. Жоспарға сәйкес аулаларға 7,5 мың бейнебақылау камерасын қоямыз», - деді Ботагөз Қасабек қалалық мәслихаттың отырысында.
Аталған жобаны жүзеге асыруға бюджеттен қаражат талап етілмейді.