Қызылордада жолаушылар автобусы өртенді

Қызылордада жолаушылар автобусы өртенді

Қызылордада жолаушылар автобусы өртенді
ашық дереккөзі
Қызылордада қала ішінде жолаушы тасымалдайтын автобус өртке оранды, деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға 1 ақпан сағат 13:37-де болған. Сол уақытта қала ішінде жолаушы тасымалдайтын №1 бағдардағы Zhong Tong Bus маркалы автобус өртке оранды. Автобус «Қызылорда» автобус паркі ЖШС-не тиесілі.
«Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 9 қызметкер 3 көлікпен келді. Өрт 13:53-те толығымен сөндірілді. Автобустан 16 адам өз күшімен қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілі.