Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары тағайындалды

Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары тағайындалды

Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары тағайындалды
ашық дереккөзі
Аслан Түкиев ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz. Түкиев Аслан Сұлтанұлы 1979 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2000 жылы ІІМ Қарағанды заң институтын және 2004 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітіргеннен кейін Түркия, Германия, Франция және Латвияда ғылыми тағылымдамадан өтті. Заң ғылымдарының кандидаты, доцент. сот 2019-2020 жылдары ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Жоғарғы Сотының судьясы. Ал Нұрсерік Шәріпов Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды. Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов 1965 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. сотт С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік университетінің әкімшілік құқық кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді. 2017 жылы ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы болды. 2018-2021 жылдары Қарағанды облыстық сотының төрағасы болды. 2021 жылғы желтоқсаннан бастап осы уақытқа дейін ҚР Жоғарғы Сотының судьясы болды.