Өзбек телеарнасында ұятсыз көрініс ашық көрсетілген

Өзбек телеарнасында ұятсыз көрініс ашық көрсетілген

Өзбек телеарнасында ұятсыз көрініс ашық көрсетілген
ашық дереккөзі
31 қаңтар сағат 22:00-де өзбекстандық «Кинотеатр» телеарнасы ұсынған «Баунти» фильмінде ұятсыз көрініс ашық көрсетілген, деп хабарлады turkystan.kz. Елдегі Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір мамандар тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, сараптама тағайындалды. Тексеруден кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған жайға құқықтық баға береді. «Баунти» - 1984 жылы Роджер Дональдсон түсірген кино. Фильмде теңіздегі шытырман оқиға баяндалады. Сюжет нақты оқиғаларға және Ричард Хьюдің «Капитан Блай және Кристиан мырза» романына негізделген. Басты рөлдерде Мел Гибсон, Энтони Хопкинс және Эдвард Фокс ойнаған.