Жаңаөзен қаласының әкімдігі қоқыс мәселесіне немқұрайлы қарап отыр

Жаңаөзен қаласының әкімдігі қоқыс мәселесіне немқұрайлы қарап отыр

Жаңаөзен қаласының әкімдігі қоқыс мәселесіне немқұрайлы қарап отыр
ашық дереккөзі
Биыл жүргізілген космостық мониторинг көмегімен елде 6 412 рұқсат етілмеген стихиялық қалдық орны анықталған, деп хабарлады turkystan.kz. Маңғыстау облыстық Экология департаментінің басшысы Руслан Төкеновтің айтуынша, оның тек 103-і ғана Маңғыстау өңіріне тиесілі. Қазіргі таңда оның 64-ті тазаланған. Қалған 39 орынның 35-і Жаңаөзен қаласына тиесілі.
«Жаңаөзен қаласының әкімдігі бір жыл ішінде 38 орынның тек 3-еуін ғана тазалаған. Мәселен, Қарағанды облысында 1 162 қоқыс орнының 1 103 орны тазаланып, жалпы көрсеткіш 95 пайызға жеткен. Бұл дегеніміз Жаңаөзен әкімдігінің өз міндеттеріне немқұрайлы қарауы деп есептейміз. Осыған орай, қазір облыстық Экология департаментінің тарапынан Жаңаөзен қаласының әкімдігіндегі жауапты тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда», - деді Руслан Төкенов.