«Азаптау фактісі бойынша 12 қылмыстық іс қозғалды» – қоғамдық комиссия

«Азаптау фактісі бойынша 12 қылмыстық іс қозғалды» – қоғамдық комиссия

«Азаптау фактісі бойынша 12 қылмыстық іс қозғалды» – қоғамдық комиссия
ашық дереккөзі
Алматы қаласында тәртіп сақшыларының азаптау фактісі бойынша 10-нан астам қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардың барлығын «Антикор Алматы» мекемесі тергеп жатыр, деп жазды turkystan.kz. «Аманат» қоғамдық комиссиясының жетекшісі, заңгер Абзал Құспанның айтуынша, комиссияның мақсаты – ауыр жарақат алған, тергеу изоляторлары мен Алматы ауруханаларының арнайы палаталарында жатқан адамдарға қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуге қол жеткізу.
«Комиссия өкілдері көмегінің арқасында 34 адам босатылды. Ұсталғандардың басым бөлігі – қатысушылар. Біз олармен жұмыс істейміз. Өйткені көптеген адамдар басқа адамдардың арандатушылықтарына көнді деп есептейміз. Ауруханадан ұсталған жаралылардың барлығы бостандыққа шығарылды. Кеше түнде 9 адамды босатып алдық. Бәрі де жаралы, балдақпен әрең қозғалады», - деді адвокат.
Абзал Құспанның айтуынша, бостандыққа шыққандар арасында Мұратбек Есенғазы сынды қоғам қайраткерлері, әйелдер, кәмелетке толмаған жасөспірімдер және халықтың осал топтары бар. Комиссия зардап шеккендерді босатуға және оларға адамгершілікпен қарауға назар аударады.
«Біз тергеу изоляторына барған кезде камераларды аралап, тұтқындалған әрбір адаммен жеке сөйлестік. Олар өздеріне қарсы заңсыз тергеу әдістері қолданылғанын, полицейлердің ұрып-соққанын, азаптаулар болғанын хабарлады. Комиссия бұл туралы Бас прокурорға назар аударып, полиция органдарын қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша прокурордың әрекетіне нақты шаралар қабылдауы үшін ұсыныс жолдады», - деді Абзал Құспан.