«Кәсіпкерлердің 45 пайызы кеденшілерге пара беруге мәжбүр болған» – Тоқаев

«Кәсіпкерлердің 45 пайызы кеденшілерге пара беруге мәжбүр болған» – Тоқаев

«Кәсіпкерлердің 45 пайызы кеденшілерге пара беруге мәжбүр болған» – Тоқаев
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте салық және кеден саласындағы жемқорлықты жою мәселелеріне де арнайы тоқталып өтті, деп жазды turkystan.kz. Соның ішінде Қазақстан мен Қытайдың өзара сауда-саттық туралы статистикалық мәліметтерінің екі түрлі екенін, олардың арасында миллиардтаған доллар айырмашылық бар екенін айтты.
«Былтыр бұл көрсеткіш 5,7 миллиард долларға жетті. Мұндай үлкен айырмашылық қалай пайда болғанын ешкім түсіндіріп бере алмайды. Ашығын айтқанда, бұл – контрабанда. Келеңсіздіктің бар екенін кәсіпкерлер де растап отыр. Сауалнамаға қарасақ, шет елмен сауда жасайтын адамдардың 90 пайызы жемқорлықпен бетпе-бет келген. Оның ішінде 45 пайызы кеденшілерге пара беруге мәжбүр болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысындағы 3 көліктік бақылау бекетін жемқорлық әбден жайлағанын анықтады. Елімізде мұндай 49 бекет бар. Кеден және көліктік бақылау саласындағы парақорлық транзиттік әлеуетімізді толық пайдалануға мүмкіндік бермей отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.