«Шымкент әкімі лауазымына Мырзахметовтен асқан кандидат жоқ» - журналист

«Шымкент әкімі лауазымына Мырзахметовтен асқан кандидат жоқ» - журналист

«Шымкент әкімі лауазымына Мырзахметовтен асқан кандидат жоқ» - журналист
ашық дереккөзі
Журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы Facebook-тегі парақшасында Шымкент қаласының әкімі лауазымына лайықты кандидаттың атын атады, деп жазды turkystan.kz. Оның ойынша, Шымкент - менталитеті бөлек мегаполис. Бұл қалаға халықты түсінетін, бір «толқында» сөйлесе алатын, қазақшаға жетік, іскерлігімен қоса адалдығы, мінезімен қоса қарапайымдылығы тең әкім керек.
«Асқар Мырзахметовтен асқан кандидат көріп тұрған жоқпын. Осы кісіні әкім етіп тағайындасаңыз, ұтылмайсыз, Президент мырза. Жалғыз мен емес, көпбалалы аналар, көп халық армандаған. Бірақ біздің арманымыз бен Президенттің арманы ұштаса бермейтінін талай көрдік... Осы жолы армандар орындалатын шығар? Бірақ бірден айтайын, Мырзахметов ешкімім емес, өмірде көрмегем де. Тек көптеген жақсы істерін көрдік, халықпен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын іскерлігін, адамгершілігін көрдік», - дейді журналист.