Елімізде әйелдер вагоны бар пойыздардың қатары артады

Елімізде әйелдер вагоны бар пойыздардың қатары артады

Елімізде әйелдер вагоны бар пойыздардың қатары артады
ашық дереккөзі

Ұлттық тасымалдаушы халықтың сұранысын ескере отырып, 2022 жылдың ақпанынан бастап әйелдер вагондары бар пойыздардың санын көбейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz. Жоба пилоттық режимде тағы 6 жолаушы пойызында жұмыс істейді. Олар: 1) №45/46 «Павлодар - Шымкент»; 2) №85/86 «Нұр-Сұлтан-1 - Шымкент»; 3) №37/38 «Маңғыстау - Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол - Семей»; 4) №47/48 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол-Атырау»; 5) №379/380 «Алматы-2 - Орал»; 6) № 73/74 «Алматы-2 - Жезқазған». Сайттарда және билет кассаларында әйелдер вагондарына теміржол билеттерін ресімдеген кезде жолаушылар мұқият болып, шартты белгілерге назар аударуы тиіс. Әйелдер вагондарына ертіп жүретін адам болған кезде 7 жасқа дейінгі ер жынысты балаларды ресімдеуге де жол беріледі. Жол жүру барысында мәселе туындаған кезде жолаушылар өз вагонының жолсерігіне немесе пойыз бастығына жүгіне алады. Еске сала кетсек, өткен жылдың қазан айында клиентке бағдарлану және сервис деңгейін арттыру үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ №77/78 «Алматы - Маңғыстау» және №351/352 «Алматы-1 – Өскемен» жолаушылар пойыздарында әйелдер вагондарында жол жүру қызметін іске қосты. Сол сәттен бастап, 2021 жылғы 10 қазан мен 31 желтоқсан аралығында бұл қызметті 13 243 әйел жолаушы пайдаланған.