Жаңалықтар

«Омикрон» жеңіл өтеді, бірақ тез тарайды» – дәрігер

ашық дереккөзі

«Омикрон» жеңіл өтеді, бірақ тез тарайды» – дәрігер

Бұл туралы Алматыдағы И.С.Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Тамара Ұтағанова ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты, деп жазды turkystan.kz. Инфекционист дәрігердің айтуынша, бүгінде Алматыда «омикрон» штаммының үлкен айналымы байқалады. Бұл штаммды жұқтырған науқастардың ағымы мен емі әртүрлі. Инфекцияның басқа адамдарға тез таралуымен ерекшеленуде. Сонымен қатар, аурудың ағымы жеңіл, амбулаториялық емдеу үшін көбірек мүмкіндіктер бар.