«ҚазАвтоЖол» АҚ басшысы қызметінен босатылды

«ҚазАвтоЖол» АҚ басшысы қызметінен босатылды

«ҚазАвтоЖол» АҚ басшысы қызметінен босатылды
ашық дереккөзі
Автомобиль жолдарының ұлттық операторы – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның басшысы Асқар Маратұлы қызметінен кетті, деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы Асқар Маратұлы өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, республикалық маңызы бар 3,6 мың шақырым автожол қайта жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарымен қамтылған.
«Алматыдағы «Алтын Орда» базарының жолайрығында жол жүру қамтамасыз етілді. «Қызылорда - Жезқазған» жолының құрылысы бойынша барлық келісу рәсімдері өтті. Жоба биыл басталады. Жол бойындағы қызметтің 20-дан астам нысаны ашылды. Әлемнің жетекші банктерімен ынтымақтастық туралы бірнеше келісімге, сондай-ақ ірі отандық компаниялармен көпжақты меморандумдарға қол қойылды» деп жазды ол.
Экс-басшының айтуынша, қоғамдық кеңес пен компания қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету жөніндегі арнайы комиссия құрылған.