Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан мен Алматыда ет бағасы өте қымбат болып тұр

ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтан мен Алматыда ет бағасы өте қымбат болып тұр

Қазақстандағы ет ең қымбат қалалар аталды. Сарапшылардың айтуынша, мал мен құс еті екі ірі қалада едәуір қымбат, деп хабарлады turkystan.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 2022 жылғы қаңтардың аяғында Қазақстанда сүйекті сиыр еті бөлшек саудада келісіне 2 236 теңгеге, қой еті 2 418 теңгеге, жылқы еті 2 603 теңгеге қымбаттаған. Тауық етінің келісі – 1075 теңге. Өңірлер арасында жыл басында ет бағасы Алматы мен Нұр-Сұлтанда едәуір жоғары белгіленген. Елордада сиыр етінің орташа бағасы – 2 506 теңге, қой еті – 2987 теңге, жылқы еті – 3015 теңге болса, тауық етінің келісі 1208 теңгеге жеткен. Алматыда сиыр еті орташа есеппен 2 325 теңгеден, қой еті 2 920 теңгеден, жылқы еті 2 939 теңгеден сатылып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, Алматы әкімдігі уәде еткен келісі 2 050 теңге ет іс жүзінде табылмай тұр. Себебі ол сөрелерге шыққан кезде бірнеше сағаттың ішінде сатылып кетеді. Былтыр мал мен құс етінің бағасы 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 8,6 пайызға қымбаттаған. Ет бағасы бәрінен бұрын Маңғыстау облысында бірден 14 пайызға артқан. Алматы мен елордада мал мен құс етінің бағасы тиісінше 8 және 8,2 пайызға қымбаттады, ал ең аз өсім Қызылорда облысында (5,4 пайыз) тіркелді.