Елордалық колледждерде 6 жаңа мамандық ашылады

Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, осының алдындағы жылмен салыстырғанда сұранысқа ие техникалық мамандықтарға мемлекеттік білім гранты 10 пайызға артты. Үстіміздегі жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 4025 орын бөлінді. Салыстыру үшін: 2015 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша 3636 студент білім алған.

Сондай-ақ, елордада қазір жұмыс істеп тұрған төрт ресурстық орталыққа тағы жаңа үш ресурстық орталық қосылады: 1) «Ингри Қазақстан» ЖШС-імен бірлесіп тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, коттедждік және аз қабатты құрылыс салаларында мамандар дайындау бойынша; 2) «Техно Николь» – құрылыс инновациялары» ЖШС бірлесіп өнеркәсіптік едендердің құрылыс технологиясы, бетон жөндеу және құрал-жабдықтардың гидрооқшаулау бойынша; 3) «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ымен бірлесіп токарьлық іс және металл өңдеу бойынша. Бұдан өзге, «Софи-Дент» стоматологиялық емханасымен бірлесіп медициналық және фармацевтикалық білімі бар кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша оқу орталығы ашылады.

Педагогтар жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін Еуразиялық гуманитарлық институттың (ЕАГИ) негізінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқу» мамандығы бойынша сырттай оқу факультетінде бір топ (25 адам) ашылды.

ЭКСПО-2017 көрмесі үшін кадрларды дайындау мақсатында сервис және қызмет көрсету мамандықтары бойынша оқыту жүргізілуде.

Back to top button