«Оқушылар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатыр» – министр

«Оқушылар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатыр» – министр

«Оқушылар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатыр» – министр
ашық дереккөзі
Елімізде қаңтар айының ортасынан бастап вирус жұқтырған оқушылардың саны арта түскен. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады, деп жазды turkystan.kz. Министрлік өкілдері балалардың, соның ішінде мектеп оқушыларының коронавируспен ауыру деңгейіне күнделікті мониторинг жасайды. Жүргізілген мониторинг барысында жалпы ел бойынша коронавирус жұқтыру деңгейінің өсуі оқушылар арасындағы эпидемиологиялық жағдайға әсер еткені анықталған.
«Қаңтар айының ортасынан бастап біз сырқаттанушылықтың айтарлықтай өскенін көріп отырмыз. Соңғы аптада оқушылар арасында коронавирустық инфекциямен ауыру 1,3 есе өсті. Індетке шалдыққан оқушылардың дені Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында байқалып отыр», - деді Ажар Ғиният.
Осыған байланысты министр өңір әкімдерінен офлайн оқыту мен жастардың «омикрон» штамын тез жұқтыруын ескеріп, мектептерде санитарлық, дезинфекциялық талаптарды, маска режимін және өзге де профилактикалық шаралардың сақталуын қамтамасыз етуді сұрады. Сондай-ақ министр ата-аналарды 12 жастан асқан балаларына вакцина егуге шақырды.