Жаңалықтар

ҰҚШҰ әскері Қазақстанда жаттығу өткізетін болды

ашық дереккөзі

ҰҚШҰ әскері Қазақстанда жаттығу өткізетін болды

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдер Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда бірлескен оқу-жаттығулар өткізеді. Бұл туралы ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы, генерал-полковник Анатолий Сидоров мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. «Егер 2022 жыл туралы айтатын болсақ, онда біз Орталық Азия мемлекеттерінің аумағында: Қазақстанда, Қырғызстанда және Тәжікстанда бірлескен жедел және жауынгерлік дайындық бойынша іс-шаралардың барлығын дерлік жоспарладық», - деді Анатолий Сидоров. Оның айтуынша, жаттығулар 2022 жылдың екінші жартыжылдығында өткізілмек.