Қаржы пирамидасын құрған алматылық ерлі-зайыпты ұсталды

Қаржы пирамидасын құрған алматылық ерлі-зайыпты ұсталды

Қаржы пирамидасын құрған алматылық ерлі-зайыпты ұсталды
ашық дереккөзі
Алматы облысында ерлі-зайыптылар «Елімай – 2019» тұтыну кооперативінің атын жамылып, қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген, деп жазды turkystan.kz. Қаржы мониторингі агенттігі департамент қызметкерлерінің хабарлауынша, алдын ала тергеу органына зардап шеккен 125-тен астам адам жүгінген. Тергеушілер жәбірленушілер саны әлдеқайда көп болуы мүмкін деп есептейді. Қазір күдіктілер - Ербол Қызбаев пен Жазира Өмірбаева 217-бап («Қаржылық пирамидалық схеманы құру және басқару») аясында тергеліп жатыр. Ерлі-зайыптылар уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қаржы мониторингі агенттігі зардап шеккен азаматтардан төмендегі мекенжайға хабарласуды сұрайды: Өтеген батыр кенті, Батталханова көшесі, 11А. Сондай-ақ, 8 (727) 251-71-06 телефоны арқылы хабарласуға болады.