Жаңалықтар

Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаты болды

ашық дереккөзі

Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаты болды

ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қошанов Ерлан Жақанұлы Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz. «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ерлан Жақанұлы Қошановқа берілсін. Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін. Ерлан Жақанұлы Қошановқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын», - делінген Қаулыда.