ШҚО-да балабақша басшылығы қызметкерлерден ақша жинаған

ШҚО-да балабақша басшылығы қызметкерлерден ақша жинаған

ШҚО-да балабақша басшылығы қызметкерлерден ақша жинаған
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысындағы «Ертөстік» балабақшасы басшылығының қызметкерлерінен ақша жинағаны анықталды, деп жазды turkystan.kz. Бұл қаржы білім беру ұйымын мемлекеттік аттестациядан өткізу үшін қажет болған екен. Зайсан қаласындағы білім беру ұйымдары мұғалімдерінің педагогикалық әдеп және құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органның отырысында аталмыш факт расталған. Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, балабақша меңгерушісі қызметінен босатылды.