Нығматулин отставкаға кетуге өтініш берді

Нығматулин отставкаға кетуге өтініш берді

Нығматулин отставкаға кетуге өтініш берді
ашық дереккөзі
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін тоқтату туралы ұсыныс енгізді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулиннің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін. Н.З. Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін», - делінген Қаулыда.
Еске салсақ, ол 2016 жылы 22 маусымда осы қызметке сайланған болатын.