Ақтөбе облысында Өзбекстан азаматы 5 адамның өліміне себепкер болды

Ақтөбе облысында Өзбекстан азаматы 5 адамның өліміне себепкер болды

Ақтөбе облысында Өзбекстан азаматы 5 адамның өліміне себепкер болды
ашық дереккөзі
«Самара – Шымкент» тасжолында болған жол апатынан 5 адам көз жұмды, деп жазды turkystan.kz «Мой город» порталына сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға сенбі, 30 қаңтар күні кешкі сағат 19.20-да Өлке ауылына жақын жерде болған.
«Рөлде Өзбекстан азаматы отырған Mercedes маркалы жүк көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, қарсы шыққан Toyota Camry-ға соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көліктің 34 жастағы жүргізушісі және салонда отырған 4 жолаушы оқиға орнында көз жұмды», - дейді полицейлер.
Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұл бапта 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.