Пандемия кезінде туған күнге барған шенеунік отставкаға кетті

Пандемия кезінде туған күнге барған шенеунік отставкаға кетті

Пандемия кезінде туған күнге барған шенеунік отставкаға кетті
ашық дереккөзі
Гонконгтің Ішкі істер министрі Каспар Цуй COVID-19 пандемиясы кезінде жанжалды отырысқа қатысқаннан кейін қызметінен босатылды, деп жазды turkystan.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. БАҚ мәліметінше, қаңтардың басында Гонконгте Бүкілқытайлық халық өкілдері конгресінің («ХҰҚ») делегаты саналатын жоғары лауазымды шенеунік Уитман Хонгтың туған күніне байланысты жанжал шыққан. Қаладағы мейрамханалардың бірінде өткен ауқымды мерекеге 170-ке жуық қонақ келген. Қонақтар арасында жаңадан сайланған заң шығару кеңесінің кемінде 20 мүшесі және Гонконгтың Ішкі істер бюросының басшысы болған. Оған қоса, екі қонаққа коронавирус диагнозы қойылған. Гонконгтің бас атқарушы директоры Кэрри Лам шенеуніктерді той өткізгені үшін қатаң сынға алды және оларды карантинге жіберуді тапсырды. Тәртіп бұзушыларға қатысты тәртіптік тергеуді бастауды бұйырды. Әсіресе 44 жастағы Каспар Цуйдің мінез-құлқын сынға алды. Себебі, ол - жанжалға қатысы бар ең жоғары лауазымды шенеунік.
«Эпидемияға қарсы күрес жетекшілерінің бірі ретінде мен індет кезінде жақсы үлгі көрсеткен жоқпын. Мен 3 қаңтарда болған банкетке қатысу туралы қате шешім қабылдадым. Өз әрекеттерім үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын және отставкаға кетемін», - деді Каспар Цуй.
Айта кетсек, Каспар Цуй 2020 жылдың сәуірінен бастап Гонконг Ішкі істер бюросының басшысы қызметін атқарды.