«Бұйырды»: қару-жарақ дүкенін тонаған тағы бір күдікті ұсталды

«Бұйырды»: қару-жарақ дүкенін тонаған тағы бір күдікті ұсталды

«Бұйырды»: қару-жарақ дүкенін тонаған тағы бір күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Ол бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған 33 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты, деп хабарлады turkystan.kz. Ұрланған қару күдіктінің үйінен тәркіленген.
«5-і күні мен үйден шықтым. Бес бейтаныс адам көлігімді тоқтатып: «Жүр, аға, кеттік. Біз саған жол көрсетеміз», - деп көлікке мініп алды. Біз қару-жарақ сататын дүкенге келген екенбіз. Олар менің көлігіме трос байлады және тартуды бұйырды. Терезелері, есіктері сынған. Бұл белгісіз біреулер көлік ішіне екі автоматты әкелді, жүк салғышқа екі мылтықты лақтырды. Сосын мен осы қарумен кетіп қалдым», - деді күдікті.
Ол қамауға алынды. Еске салайық, сол күні қалада бір мезгілде 7 қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасалды. Салдарынан қылмыскерлер 1 мың 347 қаруды, оның ішінде 501 мылтық, 807 тегіс ұңғылы және 39 газ-травматикалық қаруды, сондай-ақ оқ-дәрілерді ұрлап кеткен.