Ауыл зейнеткері облыс бюджетіне 50 млрд теңге құймақшы

Ауыл зейнеткері облыс бюджетіне 50 млрд теңге құймақшы

Ауыл зейнеткері облыс бюджетіне 50 млрд теңге құймақшы
ашық дереккөзі
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Жиын барысында ауыл зейнеткері әкімге өнеркәсіпті дамыту үшін өз қалтасынан 50 млрд теңге құюға ниетті екенін жеткізді деп хабарлады Baq.kz Caravan.kz-ке сілтеме жасап.
 Кездесуде тұрғындар облыс әкіміне өндіріс және әлеуметтік қолдау, құрылыс, электр энергетикасы, инвестиция тарту, сонымен қатар, ұлттық спорт түрлері сынды бірқатар салалар бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Жиын барысында Бәйдібек ауданы Ақтас ауылының тұрғыны, зейнеткер Байбек Шымырбеков өз қалтасынан облысқа 50 млрд теңге құюға ниетті екенін жеткізді. Бұл Жансейіт Түймебаевты қатты таң қалдырды деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі ғаламторда жарияланған видеоға сілтеме жасап. Бейнежазбада әкім мен зейнеткер арасындағы әңгіме былай өрбіген: - 50 миллард сіздің ақша ма? - Иә (сәл үнсіздік - ред.). - Қайдан... Сізді біз бұрыннан білмейміз... - Бірінші қазір... Федералдық қызметтен (нақты қандай қызмет екені түсініксіз - ред.) 200 миллиардқа дейін ақша өткізуге келісім алдым. - Онда Сізге бүкіл облыс риза болады ғой. - Қазақстан де. 10 миллиардты Бауыржан Бейбекке бердім.